Accessibility links

ОСК: Әзірге сайлаушылардың 55.5 пайызы дауыс берді


Алматыдағы №263 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген сайлаушы. 15 қаңтар 2012 жыл.

Алматыдағы №263 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген сайлаушы. 15 қаңтар 2012 жыл.

Бүгін Астана уақытымен сағат 14-ке дейін Қазақстанда сайлаушылардың 55.5 пайызы дауыс берді деп хабарлады орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Марат Сәрсембаев.

"Облыстық, Алматы және Астана қалалық сайлау комиссияларының келтірген мәліметтеріне қарағанда, тізімдегі сайлаушылардың 55.8 пайызы, яғни 5 миллион 162 мың 922 адам дауыс берді" деді Марат Сәрсембаев брифингте.

ОСК өкілі сондай-ақ Астана уақытымен сағат 15-ке дейін сайлауға қатысты ешбір арыз-шағым түспегенін жеткізді.

Бүгін Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG