Accessibility links

ЖСДП: Сайлауда заң бұзушылық көп болды


ЖСДП партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай № 311-ші сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. Алматы, 15 қаңтар 2012 жыл.

ЖСДП партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай № 311-ші сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. Алматы, 15 қаңтар 2012 жыл.

ЖСДП Қазақстанның бірқатар аймақтарында сайлау кезінде заң бұзушылықтарды анықтады деп хабарлады партияға сілтеген ҚазТАГ агенттігі.

Партия таратқан хабарламаға қарағанда, заң бұзушылықтар ЖСДП өкілдерін сайлау комиссияларының жұмыстарына араластырмаудан басталған. "Мұндай фактілер Алматы (11 учаскеде), Атырау (7 учаскеде) және Қарағанды (5 учаскеде) облыстарында тіркелді" дейді партия.

ЖСДП сондай-ақ Алматы қаласы мен Атырау және қарағанды облыстарында сайлау комиссияларының құрамына кіретін өкілдерінің кеңес беруіне де жиі кедергі келтіріліп жатқанын айтады.

"Астана қаласының үш сайлау учаскесі мен Алматы қаласының екі сайлау учаскелерінде "карусель" деп аталатын жалған сайлаушылар арқылы дауыс бергізу жүйесінің қолданылғаны анықталды" дейдә партия өз хабарламасында.

Ал Астана қаласы, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында дауыс беру кабиналарына екі және одан да көп адамдардың кіргені тіркелген.

ЖСДП бұған дейін Алматы қаласында Абай даңғылы мен Манас көшесінің қиылысында топталып бірнеше сайлау учаскесіне қатарынан дауыс беріп жүрген автобусты анықтағанын хабарлаған. Олар партия белсенділеріне өздеріне "Нұр Отан" партиясына дауыс бергені үшін екі мың теңгеден берілетінін айтқан.
XS
SM
MD
LG