Accessibility links

Облыстардың көбінде дауыс беру аяқталды


Алматыдағы №263 сайлау учаскесінде кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беріп жатқан сайлаушы. 15 қаңтар 2012 жыл.

Алматыдағы №263 сайлау учаскесінде кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беріп жатқан сайлаушы. 15 қаңтар 2012 жыл.

Қазақстанның көптеген облыстарында сайлауға дауыс беру аяқталды. Бұл турасында орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоосқа сілтеме жасап, "ҚазАқпарат" агенттігі хабарлады.

Астана уақытымен сағат 20:00-дегі жағдайды айтқан ол: «Осы уақытта көптеген аймақтарда мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс беру аяқталды.
Енді учаскелік комиссия мүшелері берілген дауыстарды санауға кіріседі», - деді журналистермен брифингте.

Фоостың айтуынша, дауыс беру шет елдердегі сайлау учаскелерінде де жалғасып жатыр.

Қазақстанның батысындағы Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру Астана уақытымен сағат 21:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстанда бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 7-де парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 70 пайыздан астамы дауыс берген.
XS
SM
MD
LG