Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасына бір ай толды


Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.

Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.

Бүгін Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сында болған оқиғаға бір ай толды.

Желтоқсанның 16-сында Жаңаөзендегі оқиға кезінде полиция қарусыз адамдарға оқ атты. Бұл оқиғадан, ресми мәлімет бойынша, 16 адам қаза тапты. Бірнеше ғимарат өртелді.

Желтоқсанның 17-сінде Шетпе станциясында жаңаөзендіктерді қолдап, қарусыз адамдарға оқ атылғанына наразылық білдірген тұрғындар мен полиция қақтығысып, ресми ақпар бойынша бір адам қаза тапты. Ресми орындар Жаңаөзен мен Шетпедегі қақтығыстардан 100-ге тарта адамның жараланғанын айтады.

Желтоқсанның 17-сінде Жаңаөзенде қаңтардың 5-іне дейін төтенше жағдай жарияланып, кейін ол қаңтардың 31-іне дейін ұзартылды.
XS
SM
MD
LG