Accessibility links

Бақылаушылар: Жаңаөзенде аз адам дауыс берді


Сайлау учаскесі. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.

Сайлау учаскесі. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.

Бүгін Жаңаөзендегі сайлау барысын бақылаған АҚШ-тан келген бақылаушылар Маргарита Ассенова мен Ричард Уэльс қалада сайлаушылар белсенділігінің ресми айтылған көрсеткіштен төмен болғанын мәлімдеді.

Ақтаудан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, баспасөз жиынын өткізген бақылаушылар сайлауда тек кейбір учаскелерде сайлаушылардың 60-70 пайыз шамасында ғана дауыс жиналғанын анықтағанын айтады. Олардың байқауынша, сайлау кезінде алдымен көпшілік дауыс жинаған "Нұр Отан" партиясы болған. Одан кейінгі орындарда "Ақ жол" және ЖСДП тұр.

"Жаңа демократия" институтының атқарушы директоры Маргарита Ассенова қаңтардың 15-і күні Азаттық радиосына Жаңаөзендегі сайлаушылар белсенділігінің төмен екенін айтқан.

Орталық сайлау комиссиясы cайлаушылардың дауыс беру алдын-ала көрсеткішін жариялаған еді. Онда Маңғыстау облысы бойынша сайлаушылардың 74,2 пайызы дауыс бергені айтылған.
XS
SM
MD
LG