Accessibility links

Ассамблея ұсынған мәжіліс депутаттары сайланды


Қазақстан парламенті мәжілісінің ғимараты.
Қазақстан парламенті мәжілісінің ғимараты.
Парламент мәжілісі депутаттығына Қазақстан халықтарының ассамблеясы ұсынған тоғыз үміткер сайланды деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Ассамблеяның кезектен тыс 18 сессиясындағы дауыс беру нәтижесінде ұсынылған үміткерлердің барлығы сайланған. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, "үміткер ассамблея сессиясына қатысушылардың 51 пайыз дауысын иеленсе, онда ол сайланған болып есептеледі".

Дауыс беруге ассамблеяның 390 мүшесінің 335-і қатысқан.

Сайлау заңнамаларына сәйкес мәжілістегі 107 депутаттың 98-і партиялық тізім бойынша жалпыхалықтық дауыс беруде, қалған тоғызы ассамблея кеңесінің ұсынуымен ассамблея сессиясында сайланады. Ассамблея ұсынған тоғыз үміткердің арасында Қазақстандағы ұйғыр, корей, неміс, орыс, шешен-ингуш ассоциацияларының, татар-башқұрт, украин және өзбек этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бар.
XS
SM
MD
LG