Accessibility links

Пәкістан соты премьерді жауапқа шақырды


Пәкістанның жоғарғы соты премьер-министр Юсуф Раза Жиланиді соттың президентке қатысты коррупциялық іс қозғауға шығарған шешімінің орындалмай қалуына қатысы бар деп тапты.

Жоғарғы сот Юсуф Раза Жиланиді қаңтардың 19-ы күні сотқа келіп, не себепті президентке қатысты сот шешімімен келіспегенін түсіндіруді сұрады.

Жоғарғы сот үкіметтің президент Асиф Әли Зардаридің коррупцияға қатысы барлығы туралы 1990 жылдары қозғалған қылмыстық істі қайта қозғауын сұраған болатын. Ал үкімет Зардари ондай қудалаудан қорғалған дегенді айтып, одан бас тартқан.

Жоғарғы соттың бұл шешімі азаматтық билік пен күшті әскерилердің арасындағы шиеленістің аясында шығып отыр. Шиеленіс өткен жылы президент Асиф Әли Зардари АҚШ-тан ықтимал әскери төңкеріс бола қалған жағдайда көмек көрсетуді сұрап жазған хаттары туралы ақпараттар әшкере болған соң туындаған болатын.

Жоғарғы соты бұл істі тергейтін комиссия құрды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG