Accessibility links

ЕҚЫҰ ассамблеясы: Сайлау демократия талабына сай емес


ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы кеңсесі. Көрнекі сурет.

ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы кеңсесі. Көрнекі сурет.

Қазақстандағы парламент мәжілісінің сайлауы ЕҚЫҰ-ның демократиялық талаптарына сай өткен жоқ деп мәлімдеді ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш сайлау қорытындысына қатысты өткізген баспасөз жиынында.

"Үкіметтің Қазақстанда демократиялық процестерді жеделдету және сайлауларды ЕҚЫҰ-ның талаптарына сай өткізу туралы айтқандарына қарамастан, кешегі мерзімінен тыс парламент мәжілісінің сайлауыдемократиялық тұрғыдан сайлау өткізу талаптарына сай келмейді" деген Жоао Соареш.

"Біз парламентке кемінде екі партия өкілін өткізу ниетінің бар екенін байқадық. Бірақ билік шынайы плюралистік сайлау өткізуге қажетті жағдай жасамады" деді ол.

ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясының миссиясы кейбір саяси партиялардың сайлауға қатыстырылмай қалғанын және бірқатар үміткерлердің қандай да бір заңдық негізі болмаса да сайлаудан шеттетілгенін айтқан.
XS
SM
MD
LG