Accessibility links

Ресей мен АҚШ Сирия және Иран дағдарысын талқылады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон және оның орынбасары Уильям Бернс Мәскеудегі кездесуде. Мәскеу, 13 қазан 2009 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон және оның орынбасары Уильям Бернс Мәскеудегі кездесуде. Мәскеу, 13 қазан 2009 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс және АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Майкл Макфор Мәскеуде Иран мен Сирияға қатысты мәселелерді талқылады.

Сергей Лавров кездесуде халықаралық өзекті мәселелер мен Иран және Сирия дағдарыстарын талқылағанын ғана айтты. Бұдан басқа мәлімет берілмеді.

Соңғы жылдары Ресей БҰҰ-ның Иранның даулы ядролық бағдарламасына қарсы санкцияларына төрт рет қолдау білдірген. Бірақ Мәскеу АҚШ пен оның одақтастарының иранға ары қарай да санкциялар салу ұсыныстарына қарсы болып келеді.

Ресей Сирияға да қолдау танытып, АҚШ пен оның одақтастарының БҰҰ-ны Сирия режимінің демонстранттарды басып-жаныштағанын айыптайтын қарар қабылдауға мәжбүрлеуін де қарсы шығып отыр.
XS
SM
MD
LG