Accessibility links

ОСК түпкілікті нәтижені жария етті


Қазақстан парламенті мәжілісінің ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Қазақстан парламенті мәжілісінің ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Парламентке өткен билікшіл үш партияға тиісті депутаттық орындар да бөлінді.

Қаңтардың 17-і күні орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының түпкілікті нәтижесін жария етті.

Астана мен Алматы қаласы және облыстық сайлау комиссиялары жариялаған соңғы ресми нәтиже бойынша партиялар жалпы сайлаушылардың төмендегідей дауысын алған:

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы - 80,99 %;
Қазақстан патриоттары партиясы - 0,83 %;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 7,47 %;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 1,68 %;
Қазақстанның коммунистік халық партиясы - 7,19 %;
Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы - 1,19 %;
«Әділет» демократиялық партиясы - 0,66 %.

Орталық сайлау комиссиясы сайлауда жеті пайыздық межеден өткен үш партия - "Нұр Отан", "Ақ жол" және Қазақстанның коммунистік халық партиясына парламент мәжілісінің депутаттық мандаттарын да бөліп берді.

- "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясына парламенттен 83 депутаттық орын, "Ақ жол" демократиялық партиясына 8, Қазақстан коммунистік халықтық партиясына 7 орын берілді, - деді орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов баспасөз жиынында.

Сайлаудың түпкілікті ресми нәтижесі қаңтардың 16-ына қараған түні жарияланған экзит-пол қорытындысына ұқсас болып отыр.
XS
SM
MD
LG