Accessibility links

Қоғамдық қор: Сайлауда заң бұзылды


Сайлау комиссиясы жәшіктегі дауыстарды санап жатыр. Астана, 15 қаңтар 2012 жыл.

Сайлау комиссиясы жәшіктегі дауыстарды санап жатыр. Астана, 15 қаңтар 2012 жыл.

"Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі" қоры бақылаушылары парламент сайлауында заң бұзу оқиғалары көп болды деп мәлімдеді ұйым бүгін өз хабарламасында.

Қоғамдық ұйым хабарламасында сайлау барысында заңсыздықтардың бірнеше түрі болғанын атап өтеді. Олардың қатарында бюллетендерді топтап салу, "карусель" әдісімен бір адамның бірнеше учаскеде дауыс беруі, отбасы мүшелерінің атынан бір ғана адамның дауыс бере салуы, бақылаушылардың учаскеде жүріп-тұруын шектеу, хаттамалардың қорытындысын бермеу, дауыс беру құпияларын бұзу сияқты сайлау заңына қайшы әдістер бар.

"Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі" сайлау күні дауыс беру заңдылығы бұзылған кездерде құқық қорғау органдарының жедел әрекет етпегенін де алға тартып, алаңдаушылық білдірген.

"Сол себепті орталық сайлау комиссиясы мен бас прокуратура сайлау заңдылығын бұзған оқиғалардың барлығы тексеруге жағдай жасауы керек" дейді қоғамдық ұйым.

Қор Қазақстанның 10 облысы мен Алматы, Астана және Риддер қалаларындағы екі мың сайлау учаскесінде бақылау жасаған.
XS
SM
MD
LG