Accessibility links

Түркіменстанда президент сайлауына сегіз үміткер тіркелді


Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов.
Ақпан айына белгіленген Түркіменстан президентінің сайлауына президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен қоса сегіз үміткер тіркелді.

Орталық сайлау комиссиясы жариялаған тізімде министрлер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларының аты-жөндері бар. Ол үміткерлердің барлығы - бұған дейін президент Бердімұхамедовтың саясатын қолдайтындарын ашық білдірген адамдар. Бірақ бірқатар сарапшылар "үміткерлерді сайлауға сырт көз үшін тіркеді" деген пікір айтады.

Бұған дейін ЕҚЫҰ Түркіменстанда саяси бәсекелестіктің жоқтығы мен бостандықтың шектелгенін айтып, ақпанның 12-сінде болатын президент сайлауына бақылаушыларды жібермейтінін мәлімдеген.

Гурбангулы Бердімұхамедов 2007 жылы авторитарлық президент Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан соң билікке келді.
XS
SM
MD
LG