Accessibility links

Иран канадалық веб-дизайнерді өлім жазасына кесті


Веб-дизайнер Саид Малекпур.

Веб-дизайнер Саид Малекпур.

Францияның "Шекарасыз тілшілер" сөз бостандығын қорғау ұйымы Иранның жоғарғы соты Ираннан шыққан канадалық веб-дизайнер Саид Малекпурды өлім жазасына кескенін хабарлады.

Саид Малекпурдың отбасының айтуынша, мұндай сот үкімі Иран революциялық гвардиясының қысымымен шығарылған.

Саид Малекпур 2008 жылы Иранға әкесінің халын сұрауға келгенде тұтқындалған. Ол "үкіметке қарсы, қорлайтын веб-сайт жасады" деген айыппен өлім жазасына кесілді.
XS
SM
MD
LG