Accessibility links

Дүниежүзілік банк: Биыл экономикалық өсім баяулайды


Дүниежүзілік банктің есебі. Көрнекі сурет.
Дүниежүзілік банктің есебі. Көрнекі сурет.
Дүниежүзілік банк Еуропадағы рецессия мен дамушы елдердегі экономикалық өсімнің баяулауы салдарынан 2012 жылы әлемдік экономикада құлдырау болады деген болжам жасады.

Жыл сайын дайындалатын баяндамасында дүниежүзілік банк Еуропаның рецессияға ұшырап, ірі дамушы елдер - Бразилия, Үндістан, Ресей, Оңтүстік Африка және Түркия елдерінде экономикалық өсімнің баяулағанын мәлімдеді. Сондықтан 2012 жылы әлем экономикасының дамуы 2,5 пайызды, ал келесі жылы 3,1 пайызды құрайды деген болжам жасалды.

Дүниежүзілік банк өткен жылдың маусым айында "2012-2013 жылдары өсім бірдей 3,6 пайызды құрайды" деп болжаған.

Баяндамада жалпы дамушы елдердің экономикасы дамыған, бай елдердің экономикасынан гөрі жылдамырақ өсетіні айтылады. Бірақ халықаралық ұйым дамушы елдер экономикасының өсімі 2012 жылы 5,4 пайызға, 2013 жылы 6 пайызға дейін төмендейді деп болжап отыр.
XS
SM
MD
LG