Accessibility links

Ресей прокуроры: Сайлауда 3000 заң бұзу оқиғасы болды


Ресей бас прокуроры Юрий Чайка.

Ресей бас прокуроры Юрий Чайка.

Ресей прокуратурасы желтоқсанның 4-інде болған парламент сайлауында 3000-ға тарта заң бұзу оқиғалары болғанын хабарлады.

Бас прокурор Юрий Чайканың президент Дмитрий Медведевке тапсырған есебінде сайлау заңын бұзғаны үшін қазірге дейін 95 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын баяндайды. Прокуратураның мәліметінше, әкімшілік іс сайлау комиссияларының жанжалдасып қалуы, жалған сайлаушылардың дауыс беруі сияқты фактілерге қатысты қозғалған.

Бірақ баяндамада қандай да бір қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтылмайды және оппозицияның сайлауда көпшілік дауысты жинаған Владимир Путиннің "Единая Россия" партиясына бұрмалау көп болғанын тексеру туралы шағымдары да еленбеген.

Желтоқсанда болған сайлауда "Единая Россия" партиясы 50 пайыздан төмен дауыс жинап, мемлекеттік думадағы көпшілік орынға ие болды. Ал оппозиция сайлау нәтижелерін мойындамай, Ресейдің бірнеше қаласында наразылық шерулерін ұйымдастырды.
XS
SM
MD
LG