Accessibility links

Ыдырысов: ЕҚЫҰ сайлауға бақылау жасай береді


Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов Вашингтонда журналистерге "ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы сайлауға берген бағасымен келіспесек те, ұйым бақылаушыларын болашақтағы сайлауларға шақыра береміз" деді.

Ыдырысов мұны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтардың 18-інде "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінде сөйлеген сөзінен соң айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде "Біз бұдан былай Қазақстанға өткізген сайлауымызды сынайтын, әлдекімдер жалдаған сарапшыларды шақырмаймыз" деген. Ол "халықаралық бақылаушылар мен сарапшылардың көпшілігі сайлауды ашық, әділ өтті деп бағалағанын" айтқан.

Қазақстанда қаңтардың 15-інде парламент мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауы өтіп, парламентке "Нұр Отан", "Ақ жол" партиясы және Қазақстан коммунистік халықтық партиясы өтті.

Сайлауды бақылаған бірқатар халықаралық ұйымдар, оның ішінде ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы "сайлау демократиялық талаптарға сай өткен жоқ" деп сынады. АҚШ мемлекеттік департаменті, Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон ЕҚЫҰ бақылаушыларының сайлауға берген бағасымен келісетінін айтты.
XS
SM
MD
LG