Accessibility links

Оппозиция жетекшілеріне әкімшілік айыппұл салынды


Сайлау нәтижесіне наразылық танытқан оппозиция жетекшілері дауыс беру хаттамаларын өртеді. Алматы, Республика алаңы, 17 қаңтар 2012 жыл.

Сайлау нәтижесіне наразылық танытқан оппозиция жетекшілері дауыс беру хаттамаларын өртеді. Алматы, Республика алаңы, 17 қаңтар 2012 жыл.

Бүгін Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының тең төрағалары Болат Әбілев пен Жармахан Тұяқбайдың әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (32 мың 360 теңге) айыппұл салды. Бұл туралы Азаттық радиосының тілшісіне Болат Әбілев хабарлады.

Оның айтуынша, партия жетекшілеріне 17 қаңтарда Алматының орталық Республика алаңында рұқсат етілмеген митингіге "белсенді қатысқаны үшін" айып тағылған. Болат Әбілев сотта жауап беруден бас тартқан. Ол өз айыбын мойындамайтынын және ары қарай да партияның акцияларына белсенді қатыса беретінін айтады.

Осындай айып бойынша партия президиумының мүшесі Маржан Аспандиярова мен "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожинаға да 20 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл салынған. Ал кеше ЖСДП-ның Алматы қалалық филиалының төрағасы Әмірбек Төгісовке де рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
XS
SM
MD
LG