Accessibility links

"Наурыз банктің" басшысы 5 жылға сотталды


"Наурыз банк" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Оразалы Ержанов "банк қаржысын жымқырды" деген айыппен бес жылға сотталды деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеген "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Ержанов "банк қаржысын жымқырды" деген күдікпен бес жыл іздеуде болып, 2010 жылдың наурызында ұсталған. Ержановпен қоса оның ағалы-інілі екі жақын туысы да бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Бұл іс бойынша бұған дейін "Қазақстан Наурыз Банкі" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы және банктің жоғары шенді қызметкері сотталған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG