Accessibility links

Лукашенко: Елде саяси реформа жасалуы мүмкін


Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко елде біртіндеп саяси реформалар жасала бастауы ықтимал деп мәлімдеді.

Мемлекеттік "Белта" агенттігінің хабарлауынша, Лукашенко: "Біз бүгіндері әлемде болып жатқан кейбір өзгерістерді зерттеп жатырмыз. Әрине, өзіміздің саяси жүйемізді де жаңалайтын шығармыз" деген. Ол реформалар осы жылдың аяғында болатын парламент сайлауынан кейін жасала бастауы ықтимал екенін да жеткізген.

Александр Лукашенконың авторитарлық билік орнатуы мен 2010 жылғы президент сайлауының нәтижелеріне қарсылық танытқан оппозицияны қудалауы өткен жылы Батыс елдерін Беларуссияға қарсы бірқатар санкциялар салуға мәжбүрлеген болатын.
XS
SM
MD
LG