Accessibility links

Беларусь белсенділері Франция сотына шағымданды


Беларусь үкіметінің қудалауына ұшыраған бір топ диссидент Париж сотына Беларусь ішкі істер министрі Анатолий Кулешовтің үстінен шағым түсірді. Кулешов Францияның Лион қаласында Интерполдың жиынына қатысып жатқан болатын.

Диссиденттердің қорғаушысы Уильям Бурдонның айтуынша, олар шағымда президент Александр Лукашенконың 2010 жылы желтоқсанда қайта сайлануынан кейін "тұтқындарды азаптау, қинау және оларға зәбір көрсету" басталғанын айтып, оған ішкі істер министрінің қатысы бар-жоғын дереу тексеруді талап етеді.

Ал Интерпол Кулешовтың Лионға осы ұйым құжаты берілген адамдардың Беларуське визасыз кіруіне қатысты келісімге қол қою үшін келгенін, "оның қазір қай жерге тұрақтағанын білмейтінін" айтады.

2010 жылы Беларусьте өткен президент сайлауынан соң президенттікке үміткерлер мен оппозиция белсенділерін тұтқындау басталды.
XS
SM
MD
LG