Accessibility links

Мәскеуде журналист пен белсендіні еске алды


Мәскеудің орталығында болған антифашистік шеру. Мәскеу, 19 қаңтар 2011 жыл.

Мәскеудің орталығында болған антифашистік шеру. Мәскеу, 19 қаңтар 2011 жыл.

Кеше Мәскеудің орталығында жүздеген адам 2009 жылы Мәскеуде кісі қолынан қаза тапқан адам құқықтарын қорғаушы Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурованы еске алып, плакаттар ұстап шықты. Жиналғандар елде фашистік көңіл-күйдің күшейіп бара жатқанына да наразылықтарын білдірді.

Шерушілердің жетекшісі Дмитрий Городов жиналғандарға журналистің қазаға ұшырар алдында үкіметтің коррупциялық әрекеттерін әшкерелеумен айналысқанын айтты.

"Анастасия Бабурова "Автономное действие" қозғалысының мүшесі болып, үкіметтің барлық өтірігі мен бассыздығын әшкерелеуге тырысты. Енді ондай адамдарды қайтара алмаймыз. Сондықтан мұндай өлімдердің қайталануына жол бермеуіміз керек" деді ол.

Бабурова мен Маркеловтың өліміне қатысты кезінде халықаралық қауымдастық наразылық танытып, Ресейден қастандыққа қатыстыларды дереу табуды талап еткен болатын. Оларды өлтіруге өткен жылы екі жас әсіреұлтшыл Никита Тихонов пен Евгения Хасистың қатысы бар деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG