Accessibility links

Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы болды


Парламент мәжілісінің жаңадан сайланған төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Парламент мәжілісінің жаңадан сайланған төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Бүгін бесінші шақырылымдағы мәжілістің алғашқы сессиясында мәжіліс төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Мәжілістегі көпшілік орынға ие болған "Нұр Отан" партиясы төраға қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Оны мәжіліс депутаттарының 102-сі қолдады, бір адам қалыс қалды.

Нығматулин "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде қала береді және партияның парламенттегі фракциясын да басқарады.
XS
SM
MD
LG