Accessibility links

Діндарлар Рушдиді Үндістанға келтірмей тастады


Үндістанда туған Ұлыбритания жазушысы Салман Рушди.
Үндістанда туған Ұлыбритания жазушысы Салман Рушди.
Ұлыбританиялық жазушы Салман Рушди мұсылман дінбасыларының қарсылығынан соң Үндістанда өтетін әдебиет фестиваліне бармайтын болды.

Үндістанда туған Салман Рушдидің 1988 жылы жазған "Сайтан жырлары" атты романын сынап, наразы болған мұсылмандар оның Джайпурде өтетін әдебиет фестиваліне қатысуына қарсы болған. Өткен аптада бір топ мұсылман дінбасылары үкіметті Рушдидің қаңтардың 20-сында басталатын әдебиет фестиваліне келуіне тыйым салуға көндірді. Рушди бұған дейін ол әдебиет фестиваліне ешқандай кедергісіз қатысып келген.

Иранның рухани көсемі Аятолла Рухолла Хомейни "Сайтан жырлары" ислам дінін қорлайды" деп, кітап авторын өлтіруге пәтуа шығарған соң Салман Рушди бірнеше жыл шет елдерде жасырынып жүрді. Мұсылмандар жазушыны "кітабында ислам дініне, Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізді" деп айыптайды. Үндістанда бұл кітапқа тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG