Accessibility links

Сириядағы Араб лигасының миссиясы аяқталды


Сириядағы Араб лигасының бақылаушылары. Көрнекі сурет.
Сириядағы Араб лигасының бақылаушылары. Көрнекі сурет.
Араб лигасының жетекшілері алдағы жексенбіде болатын кездесуде бақылаушылардың Сириядағы өкілетін ұзарту мәселесін талқылайтынын хабарлады.

Бір айға созылған Сириядағы лига бақылаушыларының миссиясы ресми түрде кеше аяқталған. Әйтсе де, олар ары қарай да бақылау жасау, я жасамау мәселесі шешілгенше Сирияда бола тұрмақ.

Демонстранттар зорлық-зомбылық фактілерінің болмауын қадағалайтын бақылаушыларды Башар әл-Асад үкіметінің шерушілерді басып-жаныштағанын жасырды деп сынаған. Ал АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд болса бақылаушыларды біраз жайттың бетін ашқанын, бірақ зорлық-зомбылықтың әлі де тоқтамай тұрғанын айтты.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қазір Сияриядағы жағдайды реттеуге қатысты Ресей ұсынған қарар жобасын қарап жатыр. Мәскеу дағдарыс үкімет күштері мен демонстранттар және басқа да қарулы топтар зорлық-зомбылықты бірдей тоқтатқанда ғана шешіледі деп санайды. Ал Батыс елдері президент Башар әл-Асад биліктен кетуі керек деген ұстанымда.

Сирияда кеше қақтығыстардан тағы 16 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG