Accessibility links

АҚШ БҰҰ Кеңесінде реформа жасауға шақырады


Жұма күні БҰҰ-дағы АҚШ-тың басқару мен реформалар жөніндегі өкілі Джозеф Торселла АҚШ адам құқықтары ұдайы бұзылатын елдердің кеңеске мүшелікке өтіп кетуін болдырмау үшін, Қауіпсіздік кеңесіндегі сайлау жүйесін реформалау жолында күреседі деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Кеңесіне сайлау аймақтық жүйемен өткізіледі, бұл жағдайда көп ретте бәсекелестік болмайды.

2010 жылы Кеңестен адам құқтары сақталмайды деп айыпталатын жеті ел орын алды, олардың қатарында Ливия, Ангола және Малайзия бар.
2011 жылы үміткерлердің бірі Сирия болған еді.

Вашингтонда Халықаралық қатынастар кеңесінің мүшелері алдында сөйлеген Торселла сондай-ақ АҚШ БҰҰ-ның кез-келген органына төрағалыққа халықаралық заңдылықтар талаптарын бұзатын елдердің жіберілмеуін қадағалайтын механизмдерді ойластыру бағытында жұмыс істейді деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG