Accessibility links

Ресейде наразылық акциялары өтіп жатыр


Бүгін Мәскеуде бірнеше мыңдаған адам «Әділ сайлау мен лайықты өмір үшін» деген ұранмен рұқсат етілген митингке шықты.

Манежный алаңындағы коммунистер ұйымдастырған акцияға либерал-демократиялық партия мен «Солшыл майдан» қозғалысының өкілдері де қосылды.

Коммунистер бүгін бірқатар қалаларда митинг өткізіп жатыр. Барнауылдағы жиынға 200-дей адам, Новосібірде - 250, Қазанда - 400 адам акцияға қатысты.

Наразылық митингілеріне қатысушылар желтоқсан айының басында өткен Мемлекеттік дума сайлауының қорытындыларын жарамсыз деп тауып, ОСК-ның төрағасы Владимир Чуровты отставкаға жіберуді талап етеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG