Accessibility links

Египетте парламент сайлауының қорытындысы шықты


Сайлау комиссиясының өкілі бюддетеньдер салынған жәшікті санауға алып барады. Каир, 4 қаңтар, 2012 жыл.

Сайлау комиссиясының өкілі бюддетеньдер салынған жәшікті санауға алып барады. Каир, 4 қаңтар, 2012 жыл.

Бүгін Египетте үш кезеңмен өткізілген парламент сайлауының ресми нәтижесі жарияланды. Депутаттық мандаттың тең жартысына сәл жетпейтін орнын Мүбарактың тұсында тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» қозғалысымен байланысты Еркіндік пен әділдік партиясы жеңіп алған.

Орын саны жағынан екінші орынды радикалды исламистер партиясы «Ән-Нұр» партиясы алса, үшінші орынды «Вафд» партиясы иеленген..

Египеттің жаңа сайланған Ұлттық ассамблеясының төменгі палатасының алғашқы мәжілісі дүйсенбіде болуы тиіс. Ақпан айында жоғарғы палата- сенаттың сайлауы мәресіне жеткен соң, парламент депутаттарынан елдің жаңа Конституциясын әзірлейтін жұмыс тобы құрылады.

Бұл өткен жылы Хосни Мүбәрак биліктен қуылғаннан кейін Египетте бірінші рет өткізілген сайлау. Жаңа президентті сайлау осы жылдың мамыр айына дейін өтетін болады, әзірге Египетті Әскери жоғарғы кеңес басқарып тұр.
XS
SM
MD
LG