Accessibility links

Оңтүстік Каролинада алдын-ала сайлау жеңімпазы анықталды


Бұрынғы спикер Ньют Гингрич.

Бұрынғы спикер Ньют Гингрич.

Алдын-ала мәліметтер бойынша Конгрестің өкілдер палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингрич Оңтүстік Каролина штатындағы алғашқы сайлауларда АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан түскен үміткерден басым дауыс жинаған. Берілген дауыстардың 40 пайызы Гингричті қолдаған.

Оның басты бәсекелесі – Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромниге дауыс берушілердің 28 пайызы қолдау білдірген.
Осылайша Айова, Нью-Гэмпшир, Оңтүстік Каролина штаттарында республикалық алдын-ала дауыс берулердің жеңімпаздары Рик Санторум, Митт Ромни және Ньют Гингрич болды.

Келесі алдын-ала сайлаулар 31 қаңтарда Флорида штатында өтеді.

Тамыз айында АҚШ-тың қазіргі президенті, демократтардың бірден-бір кандидаты Барак Обамамен бәсекеге түсетін республикалықтардың басты кандидаты белгілі болады.

АҚШ-та президент сайлауы 2012 жылдың 6 қарашасында өтеді.
XS
SM
MD
LG