Accessibility links

Елена Батурина пара бергенін айтады


Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен зайыбы Елена Батурина. Мәскеу, 5 ақпан, 2009 жыл.

Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен зайыбы Елена Батурина. Мәскеу, 5 ақпан, 2009 жыл.

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужковтың жұбайы Елена Батурина «Интеко» компаниясының басшысы болып тұрған кезінде шенеуніктерге пара бергенін айтады. Бұл жөнінде сенбі күні «РЕН-ТВ» телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеген Батурина пара алушының атын атамаған, параның сомасы қаншалықты болғанын да айтпаған.

Елена Батурина «Интеко» компаниясын 1991 жылы құрған, ал өткен жылы желтоқсанда компанияны ол Ресейдің «Сбербанкінің» еншілес кәсіпорындарының бірі – «Бинбанктің» президенті Михаил Шишхановқа сатты.

Қазір Елена Батурина Мәскеу Банкіндегі алаяқтық ісі бойынша куәлік етуге шақырылған. Егер ресми шақырту алсам, тергеуде жауап беруге әзірмін, бірақ шақыртуды әлі алған жоқпын дейді ол.
XS
SM
MD
LG