Accessibility links

Парсы шығанағында Иран паромы батып кетті


Иранның оңтүстік жағалауындағы кеме апатында 17 адам опат болғаны турасында «Ирна» агенттігі хабар таратты.

Кеме бортында 20 жолаушы мен экипаждың екі мүшесі болған. Бес адам аман-есен құтқарылды.
Апат кеше кешкісін паром Ормуз аралы мен Бандар Аббас порты аралығында жолаушы тасымалына шыққан сәтте болған.

Кеме капитаны шторм кезінде рейске шықпау туралы тыйымды тыңдамағаны үшін қамауға алынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG