Accessibility links

HRW: Қазақстан адам құқықтары реформасын жасамады


Сурет Н.Соколованың сот отырысы өтіп жатқан залдан. Ақтау қаласы, 28 шілде 2011 жыл.

Сурет Н.Соколованың сот отырысы өтіп жатқан залдан. Ақтау қаласы, 28 шілде 2011 жыл.

Адам құқықтарын қорғау ұйымы өзінің бүгін жарияланған кезекті есебінде бір жыл бұрын ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен Қазақстанда адам құқтарының жағдайы жақсарған жоқ деп атап көрсеткен.

«Есесіне көлеңкелі жаңа жайттар байқалды. Қамау орындары Әділет министрлігінен ІІМ-не берілді, шектеулер қатайған дін туралы жаңа заң қабылданды» деп жазылған баяндамада.

Баяндамада интернет сайттар құлыпталып, БАҚ еркіндігі туралы заңдағы тыйымдар мен шектеулер сол күйі қалғаны жазылған. Ереуілдегі маңғыстаулық мұнайшылардың «әлеуметтік араздық» туғызды деген айыппен сотталған заңгері Наталья Соколова жайында «жұмысшыларға олардың құқықтарын түсіндірген кәсіподақ заңгері алты жылға түрмеге қамалды» деп атап көрсетілген.

Есепте Қазақстан билігінің митинг-жиындар өткізудің шектеулі ережелері мен талаптарын бұзған белсенділерді жауапқа тартуын жалғастырып жатқаны, адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің әлі түрмеде отырғаны туралы баяндалады.
XS
SM
MD
LG