Accessibility links

Путин иммигранттарға талапты күшейтпек


Ресей премьер-министрі Владимир Путин.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин президент сайлауының қарсаңында иммигранттарға қатысты заңды қатайтуға шақырды.

Путин сайлауалды кампаниясына арналған ресми веб-сайтында егер президент болып сайлана қалса, заңсыз иммигранттардың жолын кесетінін, келесі жылдан бастап Ресейде жұмыс істегісі келетін шетелдіктерге орыс тілі мен әдебиеті және тарихынан сынақ тапсыртатынын айтады.

Ол ұлтшылдықты қоздыратындарды сынап, ұлтшыл саяси партияларға тыйым салынатынын ескертті.

Владимир Путин биыл наурыздың 4-інде өтетін президент сайлауына қатысады.
XS
SM
MD
LG