Accessibility links

Еуропа Одағы Иран мұнайына санкция салды


Швеция, Франция және Хорватияның сыртқы істер министрлері Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлерінің жиынына қатысып тұр. Брюссель, 23 қаңтар 2012 жыл.
Швеция, Франция және Хорватияның сыртқы істер министрлері Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлерінің жиынына қатысып тұр. Брюссель, 23 қаңтар 2012 жыл.
Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Ираннан мұнай импорттауға санкция қойды.

Брюссельде кездескен сыртқы істер министрлерінің келісімі бойынша, Одақ елдеріне Иранмен жаңадан мұнай және мұнай өнімдерін импорттау келісімін жасауға тыйым салынады. Ал бұған дейін жасалған келісімдер шілденің 1-іне дейін біртіндеп өз күшін жояды.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг бұл санкцияны "теңдессіз санкциялардың бір бөлігі" деп атады. Ал Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон бұл шаралардың Иранды ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді қайта бастауға көндіру үшін жасалып отырғанын айтады.

Өткен жылдың соңында МАГАТЭ Иранға қатысты баяндама жасап, Тегеранның ядролық қару жасап жатуы мүмкін екендігін мәлімдеген. АҚШ пен Батыс елдері содан бері Иранға қарсы қаржы операциясы саласында және экономикалық санкциялар салған болатын.

Иран ядролық бағдарламасының тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып, бұған жауап ретінде Парсы шығанағындағы теңіз жолы - Ормуз бұғазын жабамыз деп ескертті.
XS
SM
MD
LG