Accessibility links

Қырғызстанда 385 тұтқын ауыздарын тігіп тастады


АҚШ-тың Кубада орналасқан Гуантанамо түрмесі. Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Кубада орналасқан Гуантанамо түрмесі. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның мемлекеттік түрме қызметі бүгін аштық жариялап жатқан 385 тұтқынның күштеп тамақтандыруға қарсылық жасап, ауыздарын тігіп тастағанын хабарлады.

16 қаңтарда Бішкектегі абақтылардың біріндегі бүлік кезінде тұтқындар күзетшіге шабуылдап, түрме мүліктерін қиратқан. Келесі күні үкімет күштері бүлікті басып-жаныштаған соң тұтқындар аштық жариялайтындарын мәлімдеді.

Қырғызстанның түрме қызметінің бастығы Шейшенбек Байзақов "Тұтқындар ауыздарын тіге берсін" деп, олардың талаптары орындалмайтынын жеткізген.

Түрмеде отырғандарға көбірек еркіндік берілуін талап етіп жатқан тұтқындардың наразылығын кейбір сарапшылар сырттан қылмыстық топтың ұйымдастыруымен жасалып жатыр деп санайды.
XS
SM
MD
LG