Accessibility links

Қоғамдық ұйымдар Игорь Винявскийдің қамалғанына наразы


"Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл.

"Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл.

Қазақстандағы бірқатар баспасөз еркіндігін қорғау ұйымдары оппозициялық "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийдің ұсталғанына наразылық білдірді. Бұл туралы Алматыда өткізген баспасөз жиынында баспасөз еркіндігін қорғайтын "Әділ сөз", "Журналистер қатерде" ұйымдары мен Қазақстан журналистер одағы және Адам құқықтарын қорғау бюросы мәлімдеді.

Аталған ұйым өкілдері газеттің бас редакторы Игорь Винявскийге қарсы "әлеуметтік алауыздық туғызды" деген айыппен қозғалған қылмыстық іске және ҰҚК-нің оған түсінік бермей отырғанына наразылық танытты. Баспасөз жиынын ұйымдастырушылар бұған қатысты бас прокуратураға үндеу жолдайтындықтарын жеткізді.

ҰҚК бүгін Игорь Винявскийге қарсы қылмыстық іс қозғалып, тергеу абақтысына жабылғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG