Accessibility links

Рамзан Қадыров: Белсенділер Ресейдің жауы


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.

Мәскеу қолдайтын Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Ресейде желтоқсанның 4-індегі парламент сайлауының нәтижесіне наразылық шерулерін ұйымдастырушы оппозиция белсенділерін "Ресейдің жауы" деп атады.

Кисловодск қаласында журналистермен кездесуінде Рамзан Қадыров "Егер қолымда билік болғанда, "Әділ сайлаулар үшін" деп аталатын шерулерді ұйымдастырушылардың барлығын тұтқындайтын едім" деген. Қадыров ұйымдастырушылардың бірі Алексей Навальныйды "құпия қызметтің ақылды, дайындықтан өткен күшті жансызы" деп атаған.

Ресейдегі оппозициялық топтар ақпанның 4-інде бүкіл елде желтоқсанда өткен парламент сайлауының нәтижесіне наразылық танытқан шерулер өткізетіндерін мәлімдеген. Оппозиция сайлауда биліктегі "Единая Россия" партиясы бұрмалаушылықпен жеңіске жетті деп санайды.
XS
SM
MD
LG