Accessibility links

Қырғызстанда доңыз тұмауы ауруы анықталды


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі Бішкек пен Ош қалаларында мутацияға ұшыраған доңыз тұмауы ауруының белгісі табылғанын хабарлады. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеруден өткен адамдардың 16 пайызынан H3N2 вирусының белгісі байқалған.

Министрлік вирус жұғу қаупі бар жедел жәрдем қызметі мен аурухана қызметкерлеріне жыл сайын егу жұмыстары жасалатынын айтады. Мемлекет қаржысына тұмауға қарсы вакцинаның 21 мың дозасы алынған. Жекеменшік фирмалар да Ресейден тұмауға қарсы 10 мың вакцина әкелген.
XS
SM
MD
LG