Accessibility links

АҚШ елшісі: Ресейге төңкеріс жасауға келген жоқпын


АҚШ-тың Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Майкл Макфол.

АҚШ-тың Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Майкл Макфол.

АҚШ-тың Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Майкл Макфол бүгін Ресейдің мемлекеттік телеарнасы мен "Единая Россия" партиясы депутаттарының "Елші Мәскеуге төңкеріс жасауға көмектесу үшін жіберілді" деген мәлімдемелерін қисынсыз деп жариялап, өзінің төңкеріс жасауға жіберілгенін жоққа шығарды.

Майкл Макфол Ресейдің "Коммерсантъ" газетіне берген сұхбатында мемлекеттік телеарнаның "АҚШ оппозициялық блогер Алексей Навальныйды қаржыландырып отыр" дегенін "Ресейге тіл тигізу" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG