Accessibility links

Жовтиске рақымшылық жасау ісі сотқа жіберілді


Құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис жазасын өтеп жатқан Шығыс Қазақстан облысындағы қоныстану колониясы кеше оның рақымшылықпен босап шығуына қатысты ісін сотқа жіберді деп хабарлады Азаттық тілшісіне Адам құқықтары бойынша Қазақстандық бюро.

Ал "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, сотқа рақымшылықпен босап шығу үшін журналист Тоқнияз Күшіковтің де ісі жіберілген. Жовтис пен Күшіковтың істері қашан қаралатыны әзірге белгісіз.

Адам құқықтары бойынша Қазақстандық бюроның бұрынғы жетекшісі Евгений Жовтис 2009 жылы көлікпен кісі қағып өлтірді деген айыппен төрт жылға сотталған болатын. Тоқнияз Күшіков те осындай айыппен төрт жылға сотталды. Екеуі де Өскеменге жақын қоныстану колониясында жазаларын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG