Accessibility links

Алматыда Жаңаөзен құрбандарын еске алды


Жаңаөзен қаласының кіре берісіндегі нұсқаулық белгі.

Жаңаөзен қаласының кіре берісіндегі нұсқаулық белгі.

Бүгін Алматыда Республика алаңындағы тәуелсіздік монументінде бір топ ғалым Жаңаөзенде қаза тапқандардың қырық күн толуына орай құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Шараны ұйымдастырған 1963 жылы Мәскеуде құрылған "Жас тұлпар" ұйымының өкілдері мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, демограф Мақаш Тәтімов Жаңаөзен оқиғасына қатысты өздерінің пікірлерін де білдірді. Мұрат Әуезов Жаңаөзенде қарусыз адамдарға қарсы оқ атылуын қылмыс деп бағалауға болатынын айтты.

Еске алу шарасында құрбан болғандарға арнап жеті нан таратылды. Азаттық тілшісінің айтуынша, шараны полицейлер алыстан бақылап жүрген.

Жаңаөзен мен Шетпеде 16-17 желтоқсан күндері болған оқиғалар мен оның салдарынан ресми мәлімет бойынша 17 адам қаза тауып, 100 ден астам адам жараланды. Бейресми мәліметтер қаза тапқандар саны бұдан көп екенін айтады. Желтоқсанның 17-сі күні енгізілген төтенше жағдай мерзімі қаңтардың 31-іне дейін ұзартылды.
XS
SM
MD
LG