Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілі Винявскийді босатуға шақырды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович Қазақстанда "Взгляд" басылымы басшысының тұтқындалуын айыптап, билік орындарын тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының еркін жұмыс істеуіне жол ашуға шақырды.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде Дуня Мятович: "Аталмыш газет жұмысын қайта қалпына келтіре алуы үшін Игорь Винявскийді тезарада босатып, барлық жабдықтарын қайтаруға шақырамын", - деп мәлімдеген.

Қаңтардың 23-інде "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский ұсталып, оған қарсы "мемлекеттік құрылысты күшпен құлатпақ болды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын.
XS
SM
MD
LG