Accessibility links

Ресей оппозицияға шеру өткізуге рұқсат берді


"Солшыл майдан" оппозициялық қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов.

"Солшыл майдан" оппозициялық қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов.

Мәскеу қаласы мэрінің орынбасары Александр Горбенко оппозицияға ақпанның 4-інде"Әділетті сайлау үшін" деп аталатын шеру өткізуіне рұқсат берілгенін хабарлады. Наразылық шарасына 50 мың адам қатысады деп жоспарланған.

Оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов Мәскеу метросының Октябрская бекетінде жиналып, Үлкен Якиманка көшесін бойлай Болотная алаңына дейін шеру өткізуге рұқсат алғандарын айтады. Шеру Мәскеу уақытымен сағат 12-15 аралығында өтпек. Желтоқсандағы шерулер де қаланың осы көшелерімен жүріп өтіп, Болотная алаңында аяқталған.

Сергей Удальцовтың ойынша, қала басшылығының шеруге кедергі жасауға мүмкіндігі аз.

Ресейде оппозиция желтоқсанның басынан бері парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық білдіріп, шеру өткізіп келеді.
XS
SM
MD
LG