Accessibility links

WEF: Қазақстан экологиялық талаптарды орындамайды


Қазақстан 2011 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) экологиялық өнімділік индексін талдап жасаған тізімінде 132 елдің арасынан 129-шы орынды иеленді.

АҚШ-тың Йель және Колумбия университеттерінің Дүние жүзілік экономикалық форуммен бірлесе дайындаған есебінде 132 мемлекеттің экологиялық саясатына талдау жасалған. Ұйым есебінде мемлекеттердегі ауа мен судың ластануы, климаттың өзгеруі, орман және балық шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру сияқты мәселелерді талдаған.

Қазақстаннан кейінгі соңғы орындарда Өзбекстан, Түркіменстан және Ирак тұр.

Қазақстан бұған дейін коррупцияға қарсы күрес және еркіндік деңгейі бойынша да төменгі орындарды иеленген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG