Accessibility links

Сенегал президенті тағы 14 жыл ел басқару ниетте


Сенегал президенті Абдулай Вад.

Сенегал президенті Абдулай Вад.

Сенегалдың 85 жастағы президенті Абдулай Вад ақпан айында өтетін президент сайлауының қарсаңында өзінің әлі де тың және тағы он төрт жыл ел басқаруға дайын екендігін мәлімдеді.

Абдулай Вадтың президенттікке түсу мәселесі 2007 жылы конституцияға президенттің тек екі мерзімге ғана сайлана алатыны турасында өзгеріс енгізілгеннен бері дау тудырып келеді.

Вад бірінші рет президенттікке аталған өзгеріс енгізілмей тұрып, 2000 жылы сайландым деп санайды және "заңның күші кері жүрмейтінін" айтады. Ал 2007 жылы конституцияға президенттік мерзімін бес жылға белгілеу туралы өзгеріс енгізіліп, Абдулай Вад қайта сайланған. 2008 жылы конституцияға президенттің жеті жылдан екі рет қана сайлана алатыны турасында қайтадан өзгеріс енгізілді.
XS
SM
MD
LG