Accessibility links

Путин миграциялық заңды күшейткісі келеді


Ресей премьер-министрі Владимир Путин. 25 қаңтар 2012 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин. 25 қаңтар 2012 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин еңбек және миграция заңын бұзған шетелдіктер елге кіргізілмеуі керек деді.

Мәскеуде Федералдық миграция қызметінде сөйлеген Путин Ресей заңын бұзған шетелдіктерге 10 жылға дейін елге кіруге тыйым салынатынын айтты. Ол "шетелдіктерді рұқсатсыз жалдаған немесе оларға жалған рұқсат әперіп, жатақхана және тұратын орын тауып берген ресейліктерді енді айып салудың орнына қылмыстық жауапкершілікке тарту керек" деді.

Путин бұған қоса мигранттар "өзімен өзі жүретін этникалық жабық орта" болмай, Ресей қоғамына араласып кету керек деп санайды. Бірақ ол Ресейдің ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынаста визасыз режимнің сақталатынын, себебі Мәскеудің олармен "достық қарым-қатынасын үзгісі келмейтінін" айтқан.

Владимир Путин наурыздың 4-інде өтетін Ресей президенті сайлауына түспек.
XS
SM
MD
LG