Accessibility links

Назарбаев: Өнеркәсіп активтері мемлекет меншігіне қайтарылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіру кезінде сатылған ірі өнеркәсіп активтерін мемлекеттің өз меншігіне қайтадан сатып алатынын мәлімдеді деп хабарлады Азаттық тілшісі.

"Бұрын сатылған активтердің едәуір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді Богатырь, Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарының, ENRC және "Қазақмыс" компанияларының негізгі активтерін мемлекеттің меншігіне қайтарамыз" деді Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында.

Бұған дейін Қазақстан Қарашығанақ консорциумының 10 пайыз акция үлесіне ие болған. Ал "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "Қазақмыс" акциясының 11 пайызын сатып алған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG