Accessibility links

Мұхаммед пайғамбардың сақалы Грозныйда


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Мұхаммед пайғамбардың сақалы салынған капсуланы сүйіп тұр. Грозный, 26 қаңтар 2012 жыл.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Мұхаммед пайғамбардың сақалы салынған капсуланы сүйіп тұр. Грозный, 26 қаңтар 2012 жыл.
Кеше Шешенстан астанасы Грозныйдағы Ахмад Қадыров мешітіне Мұхаммед пайғамбардың сақалы деп саналатын, бұған дейін Өзбекстанда сақталған бір тал сақал әкелінді.

Жәдігерді көру үшін Грозныйға тек Шешенстаннан ғана емес, көршілес Дағыстан, Қабардин-Балқар және Ингушетиядан да мыңдаған адам келді. Келгендердің көптігі сонша, тіпті әуежайдан мешітке дейінгі жолда кезекте тұрған.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров ұзақ уақыт Өзбекстанда сақталып келді делінетін сақалдың Грозныйға әкелінуі "халықтың бейбітшілік пен бірлікте өмір сүріп жатқанын айғақтайды" деді.
XS
SM
MD
LG