Accessibility links

Атырауда жұмысшылар жалақысын көтеруді талап етеді


Жылыой ауданының прокуроры Алмас Шеркешбаев.

Жылыой ауданының прокуроры Алмас Шеркешбаев.

Атырау облысының аумағындағы «Теңізшевройл» компаниясының зауытына күрделі жөндеу жасап жатқан «Сенімді құрылыс» компаниясының 200-дей жұмысшысы жалақысын көтеруді талап етіп, қаңтардың 25-і күні түс ауа жұмысты тоқтатты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Сенімді құрылыс" компаниясына қарайтын "Сағын", "Ақтілек" сияқты шағын фирмалардың жұмысшылары 80-90 мың теңгелік жалақыны 150 мыңға көтеруді талап еткен. Азаттыққа хабарласқан жұмысшылардың айтуынша, қаңтардың 25-і күні Жылыой ауданының әкімі Рахметолла Нұғмановпен және құқық қорғау органы қызметкерлері жұмысшылармен кездесіп, талаптарын орындау үшін олардан үш күн мұрсат алған.

Жұмысшылардың талап қойып, жұмысты тоқтатқанын «Теңізшевройлдың» зауыты орналасқан Жылыой ауданының прокуроры Алмас Шеркешбаев та растады. Ол өздеріне жұмысшылардан шағымның енді ғана түскенін, олардың мәселесін қарап жатқандығын айтты.
XS
SM
MD
LG