Accessibility links

Серік Сапарғали екі айға қамалды


Оппозиция белсендісі Серік Сапарғали.

Оппозиция белсендісі Серік Сапарғали.

Кеше Алматы қаласы Алмалы ауданының судьясы оппозиция белсендісі Серік Сапарғалиды екі айға қамау туралы санкция шығарды деп хабарлады Азаттық радиосына оның туысы Райхан Мамаева.

Оның сөзіне қарағанда, Серік Сапарғали қаңтардың 26-сынан бастап өзін ұстауға наразылық ретінде аштық жариялап жатыр. Бүгін Серік Сапарғалидың қорғаушысы соттың шешіміне шағым жасап, Сапарғалиды денсаулығының нашарлығына байланысты тергеу уақытында үйқамаққа отырғызуды сұрамақшы.

Райхан Мамаева арасында Болат Әбілев бастаған оппозиция өкілдері мен азаматтық белсенділер Серік Сапарғалиевты үйқамаққа алған жағдайда оның ешқайда кетпейтінін айтып, шағым жолдағанын да айтты.

23 қаңтар күні Серік Сапарғалидың үйіне құқық қорғау органдары тінту жүргізіп, артынан ҰҚК-нің Алматы қалалық департаментінің тергеу абақтысында үш күн ұстады. Оған қарсы "әлеуметтік араздық туғызды" деген айып тағылып отыр.

Серік Сапарғали 2011 жылғы президент сайлауына түсуге үміткер болған. 2011 жылы желтоқсанның соңында Жаңаөзендегі биліктің әрекетіне наразылық білдірген рұқсат етілмеген акцияға қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалды.
XS
SM
MD
LG