Accessibility links

Камбоджа Қытайға екі ұйғырды экстрадициялады


Ұрімжідегі ұйғырлар мен Қытайдың қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыс. Көрнекі сурет.

Ұрімжідегі ұйғырлар мен Қытайдың қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыс. Көрнекі сурет.

Камбоджа Қытайға өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген екі ұйғырды экстрадициялады. Екі ұйғырдың қашан және қандай айыптар бойынша сотталғаны белгісіз.

2009 жылы шілдеде Шыңжаңда этникалық ұйғырлар мен қытайлықтар арасында болған қақтығыстардан кейін Камбоджадан саяси баспана сұраған 20 ұйғырдың қатарында бұл екеуі де бар. Топтың бір мүшесі 17 жылға сотталған. Сот процестері құпия өткендіктен қалғандарының жаза мерзімдері белгісіз.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Камбоджаны 2009 жылдың соңында ұйғырларды қытайға экстрадициялағаны үшін сынаған болатын.
XS
SM
MD
LG